24 авг. 2007 г.

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің www.kazembassy.com.ua сайтында қазақ мәтіндерін араб қарпіндегі төте жазумен оқуға мүмкіндік беретін парақ ашылды

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің www.kazembassy.com.ua сайтында қазақ мәтіндерін араб қарпіндегі төте жазумен оқуға мүмкіндік беретін парақ ашылды.Ол үшін осы сайтты ашып, оның үстіңгі қапталының оң жағындағы аударыла-төңкеріле құбылып тұрған Tote Jazu деген белгіні басу қажет. Сонда оны қалай пайдалану керектігі жөнінде түсінік беретін беттің өзі ашылады. Сол парақтың жоғары жағындағы төртбұрыш сызықтың ішіне кирил қарпімен жазылған кез келген қазақша мәтінді көшіріп салып, соның астындағы kz-translit деген түймені бассаңыз, сол мәтін бірден төте жазуша оқылып шыға келеді. Бағдарлама авторы, Украинадағы Қазақстан Елшілігінде қызмет ететін ұлтжанды азамат Исламбек Арыстанбековтің айтуынша, бұл әдіс Қытайдағы төте жазуды пайдаланатын 1 миллионнан астам қазақ бауырларымыздың өздері жүгіртіп оқи алмайтын, кирилше жарияланған қазақ мәтіндерін қиналмай оқуына мүмкіндік әпереді. Автор төте жазу әліпбиінің Интернетте болмауы себебінен, қаріптерді негізінен араб әліпбиінен алуға тура келгенін ескертеді. Мәселен, ол Ы, І әріптерінің үстінен бірыңғай дәйекше қоюға мәжбүр болған. Осындай өзгешеліктері болмаса, бұл жаңалықтың қазақ мәтіндерін араб қарпінде оқуға қызығатындар үшін көмегі мол, деп есептейді ол. Арабша төте жазу парағының интернеттегі тікелей сілтемесі -http://www.kazembassy.com.ua/doc/tote-translit.htmlСондай-ақ И. Арыстанбеков осы сайтта кирил қарпіндегі қазақшаны өзінің жеке ізденісі бойынша жүйелеген латынша жазуға ауыстыру парағын да ашып отыр. Ол беттің тікелей сілтемесі - http://www.kazembassy.com.ua/doc/kaz-convert.html .Дерек көзі: ҚазАқпарат.

1 комментарий:

Анонимный комментирует...

Тегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар
http://free.ucoz.kz/